На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Мой город!

24 подписчика

Ақсайға арнайы мониторингтік топтың мүшелері келді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша сыртқы талдау және бағалау Батыс Қазақстан облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Ақсайға жұмыс сапарымен келді. Мақсат – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Мониторинг топтың мүшелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша сыртқы талдау және бағалау Батыс Қазақстан облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Ақсайға жұмыс сапарымен келді. Мақсат – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Мониторинг топтың мүшелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Самет, БҚО арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Виталий Сергеевич Колпаков, БҚО арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасарлары Ғалымжан Ищанов, Бекет Мурзахметов, БҚО арнайы мониторингтік тобының мүшелері Едіге Кенжеғалиев, Айгүл Салахатдинова, БҚО медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нариман Нияров Ақсайда әлеуметтік нысандар мен халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмыстарымен танысты. Алдымен құқық қорғау саласының қызметімен танысты. Бөрлі ауданы полиция бөлімі басшыларының орынбасарлары Тимур Майранов пен Қадыржан Сағынның айтуынша, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің құрамы бүгінгі таңда өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда. Соның ішінде жедел басқару орталығы жұмысына тоқталды. Айта кету керек, өткен жылы полиция бөлімі ғимаратында жедел басқару орталығы ашылған болатын. Аталмыш орталықтың жұмысы көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіп пен құқық бұзушылықпен күресуді, сондай-ақ азаматтардан түскен хабарламаларға жедел ден қоюға бағытталған. Осыған орай халық көп шоғырланған аймақтар, яғни, кафе, мейрамханаларда да бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары қолға алынуда. - 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылды. Осыған орай қала ішінде бірнеше бейнебақылау камера орнатылатын болады. Соның ішінде қаладағы білім ошақтарының барлығы толықтай қамтылады. Бұл қоғамдық тәртіпті қорғауда өзінің тиімділігін көрсетеді, - деді Бөрлі ауданы полиция бөлімі басшыларының орынбасары Қадыржан Сағын. Топ мүшелері қызметкерлермен кездесіп, жұмыс сапасы мен атқарылған жұмыс жайын бақылады. « - Мониторингтік топ мемлекеттік мекеме, ұйымдардың жұмысын тексермейді, оның қызмет көрсету сапасына мониторинг жасап, өзекті мәселелерді талқылайды», -деді БҚО арнайы мониторингтік тобының мүшесі Едіге Кенжеғалиев. Бұдан соң өкілдер аудандық емханаға барып, бас дәрігер мен қызметкерлерімен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, соның ішінде көрнекі ақпараттарды тексерді. - Жалпы тұрғындар тарапынан медициналық қызмет алу, құқық саласы жүйесіне қатысты арыз-шағымдар көп түседі. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлықтың көрінісінің алдын алу, араласу. Бүгін медициналық мекемелер мен полиция бөліміндегі мемлекеттік сатып алу жүйесі мен жұмыс процесін тексердік. Бұл ретте, орын алған кемшіліктер байқалмады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарына барынша мұқият қарау жөнінде мекемелер басшыларына ұсыныстар айттық. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру саясаты Бөрлі ауданында оңтайлы жүзеге асырылуда деп баға береміз, - деді БҚО арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Виталий Колпаков. Өкілдердің сөзінше, арнайы мониторинг топтар мемлекет пен қоғамды байланыстырушы көпір ретінде барлық салада азаматтық бақылауды жүзеге асырады. Осыған орай облыста қалалық, аудандық деңгейде арнайы мониторнинг топ құрылуда. Бөрлі ауданында да арнайы мониторинг топ құрылып, аудандық төраға болып полиция ардагері Иманғали Тілеш сайланды. Алдағы уақытта топтың құрамы жасақталмақшы. Жайнагул ЖЕҢІСҚЫЗЫ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

 

Ссылка на первоисточник
наверх