Биылғы оқу жылында аудан педагогтарының қатары 35 жас маманмен толықты. Олар Орал, Алматы қалаларында педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған. Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов еңбек жолын бастағалы тұрған жас ұстаздарымен кездесті. Жыл сайын өтетін тамыз кеңесімен жалғасқан шарада білім саласының қызметкерлері онлайн форматқа қосылып, жиын барысында жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарларды талқылады.
Жылдағы дәстүрге айналғанБиылғы оқу жылында аудан педагогтарының қатары 35 жас маманмен толықты. Олар Орал, Алматы қалаларында педагогикалық оқу орындарын тәмамдаған. Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов еңбек жолын бастағалы тұрған жас ұстаздарымен кездесті. Жыл сайын өтетін тамыз кеңесімен жалғасқан шарада білім саласының қызметкерлері онлайн форматқа қосылып, жиын барысында жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарларды талқылады. Жылдағы дәстүрге айналған кездесуде аудан әкімі Миржан Сатқанов алдымен жас мамандарға сәттілік тілеп, мұғалімдердің қоғамда алар орындары бөлек екенін айтып, білім мен ізділікке үндеді. 2019-2020 оқу жылы Бөрлі ауданынының білім саласында өзіндік ерекшеліктері мен жағымды жаңалықтарға толы болды. Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым" байқауында жеңімпазы болып, 34 миллион теңгенің сертификаты мен облыс әкімінің арнайы грантына ие болды. Сондай-ақ Ақсай қалалық №2 орта мектеп директоры Алтын Қадырғалиева «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ардагер-ұстаз Надежда Шиганакова ҚР «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 474 түлектің 137-сі жоғары оқу орындарының білім грантына, ал 3 түлек облыс әкімінің грантына ие болды. Бөрлі ауданының барлық мектептерінің ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтті. Ақсай қаласының №3, 4 мектептерінің ғимараттарында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде. Биылғы 2020-2021 оқу жылында 25 жалпы білім беретін мектептерде 9313 оқушы білім алмақ. Бір мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Аудан мектептерінің компьютерлік құрылғыларын жаңарту бағытындағы шаралар да қолға алынды. Бүгінгі таңда аудан бойынша биылғы жылы үнемделген қаражат есебінен 203 компьютер алынса, қосымша тағы 347 жеткізілді. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы оқушыларына қайтарымды негізде 600 планшет сатып алынды. Басқосуда білім беру сапасы мен алдағы жоспарлар онлайн режимінде талқыланып, үздік мұғалімдер марапатталды. Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании. Жайнагүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ