На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Мой город!

24 подписчика

Орал қаласында сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Қар еріп, ақ ұлпа астында қалған күл-қоқыстың көзге түсер сəті-көктемгі уақыт. Сол себепті жалпы халықтық сенбіліктің қала тазалығын қалпына келтіруге қосар үлесі зор. Көптің қолымен атқарылған істе береке бар. Бір күнде сенбіліктің арқасында​ облыс орталығы 311 метр куб қоқыс қалдығынан арылды. Қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік 30-наурызда өткізілді.

-"Біз жастар қала тазалығы үшін

Қар еріп, ақ ұлпа астында қалған күл-қоқыстың көзге түсер сəті-көктемгі уақыт. Сол себепті жалпы халықтық сенбіліктің қала тазалығын қалпына келтіруге қосар үлесі зор. Көптің қолымен атқарылған істе береке бар. Бір күнде сенбіліктің арқасында​ облыс орталығы 311 метр куб қоқыс қалдығынан арылды. Қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік 30-наурызда өткізілді. -"Біз жастар қала тазалығы үшін жылда сенбілікке қатысамыз. Орал əсем де, жасыл қала болып сақталып қалғанын қалаймыз",-дейді М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Гүлжиян Қабдолова. Сенбілік қорытындысы бойынша​ аталған шараға қаламыздың 7 363 тұрғыны, коммуналдық мекеме қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер қатысты, меншік түріне қарамастан 558 ұйымдар мен мекемелер жұмылдырылды. Сонымен қатар, ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарының 570 студенті, қаламыздың 53 пәтер иелері кооперативтерінен шамамен 300 жұмысшы сенбілікке атсалысты. Сенбілікке шығарылған техникалар 25 бортты құрады және жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарынан 5 автобус шығарылды. Сенбілік кезінде автобус паркі жол өтпесінен Новеньки трассасына дейінгі Орал-Желаев трассасы, Ел-Ырысы базарынан қала шекарасына дейінгі Орал-Самара трассасы, Үміт шағынауданынан Орал-Саратов трассасы бағытындағы Деркөл айналма жолы, тубдиспансерден Орал-Самара трассасына дейінгі С.Тюленин көшесі бойында санитарлық тазалық жүргізілді. Сондай-ақ Чагано-Набережная көшесі бойындағы «Этих дней не смолкнет Слава» тынымбағы жиналып, Сарайшық көшесінен Алмазов көшесіне дейінгі Даумов көшесінің бойы да тазаланды. ​ Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.  

 

Ссылка на первоисточник
наверх